Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі: «Тапсырмалар уақытылы орындалуы керек»

03.04.2020, 16:28 404

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдайға және дағдарысқа қарсы іс-шараларына қатысты берген тапсырмаларын орындау жөнінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен отырыс өтті.

Жиында сәуір айынан бастап аймақ тұрғындарына қосымша қандай көмектердің көрсетілетіндігі талқыланып, нақты міндеттер жүктелді. Сондай-ақ, отырыс барысында бірінші кезекте әлеуметтік осал топ өкілдеріне табысынан айырылған жағдайда ең төменгі жалақы мөлшеріндегі қаржымен қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

«Халыққа қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды уақытылы орындалу керек» – деді, облыс әкімі.

Сонымен қатар, жұмыссыз ретінде тіркелген және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға 42 500 теңге көлеміндегі төлемдердің уақытылы төленуін қамтамасыз ету міндеттелді. Жиын соңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Бөкенбайұлы Төтенше жағдай кезеңінде филиал бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндама жасап, коронавируспен күрес шараларына тоқталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: