Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі шаруа қожалық иелерімен кездесті

20.12.2020, 19:45 901

HALYQLINE.KZ Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстағы шаруа қожалықтарының иелерінің өтінішіне сәйкес олармен кездесті. Кездесуде ауылшаруашылығы саласына бөлінетін субсидияның жетіспеушілігі және «Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі» бағдарламасы арқылы субсидия беру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, шаруа қожалықтары «Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға» бөлінген қаржының жетіспеушілігі және САЖ бағдарламасының өтінім қабылдау кезіндегі қойылатын талаптардың қиындығына көңіл толмауы.

Айта кету керек, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес 2020 жылғы 17 шілдеде «Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату» бағыты енгізілді. Осы орайда, облыс бойынша тауарөндірушілердің мал азығына жұмсаған шығындарын өтеуді субсидиялауға аудандардағы мәліметтерге сәйкес барлығы 3,2 млрд теңгеге қажеттілік туындаған.

Осыған орай, Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 қарашадағы №130 қаулысымен бюджеттің мүмкіндігіне қарай 730 055 мың теңгесі «Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату» бағытына бөлінді.

Алайда «Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату» бағытына бөлінген 730 055 мың теңге қаражатының барлық шаруашылықтарға жетпеуіне байланысты тауарөндірушілердің наразылықтары туындап, облыс бойынша 50 шаруашылық басшылары облыс әкімінің қабылдауында болып ұсыныстарын жеткізді.

Нақтырақ айтқанда, ҚР АШМ-ің 2020 жылғы 17 шілдеде №229 бұйрығымен «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР АШМ 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығына тиісті өзгерістер енгізу арқылы, өтінімдерді келесі жылдың қаржысы есебінен төлеуді ұсынды.

Өз кезегінде, облыс әкімі осы ұсыныстарды Ауылшарушылығы министріне жеткізетіндігін айтты. Аталған мәселе бойынша ауылшаруашылығы басқармасы қызметкерлері мен шаруашылық өкілдерінен құрылған арнайы топ тиісті жұмыстар жүргізеді деп белгіленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: