Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нығматулин Мәжіліс Төрағасы болды

15.01.2021, 12:25 348

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы лауазымына сайланды.

Жалпы отырыс барысында «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров Мәжіліс төрағасы лауазымына ұсынылған кандидатураны қолдады.

Бұдан дейін, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар жаңа төрағаны жасырын дауыс арқылы сайлады. Дауыс беру барысында депутаттар аталған кандидатураға қолдау білдірді.

Ал, 14 қаңтар күні экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды.

Сондай-ақ, ол Мәжіліс спикері лауазымына да  Нығматулинның кандидатурасын ұсынған болатын. Фракция депутаттары Назарбаевтың ұсынысын бірауыздан қолдады

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: