«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (1.47)

  • EUR: 505.25 (2.47)

  • RUB: 5.59 (0)

«Неге өз-өзімізді орға жыға береміз?»

12.05.2020, 10:45 180 0

HALYQLINE.KZ –| Жандарбек Бекшин орысшасынан сүрініп еді, жұрт жамырап күлді. Мазақ етті. Ақыры қызметінен құлап тынды. Қызмет жолын қарасаңыз, бар еңбегін санитарлық салаға арнаған кісі. Өте білікті, таптырмас маман. Қазіргі Бас санитарлық дәрігерге қарағанда «медицина ғылымының кандидаты» деген дәрежесі бар, ғылыммен айналысқан адам. Әрі еңбек өтілі Есмағамбетовадан кемінде он жылға артық. Сонда бұл кісінің бар кінәсі орысшадан қателескені ме? Орысша білу қай заңда міндеттелген? Неге біз өз-өзімізді орға жыға береміз?

Есмағамбетованың қызметке тағайындалғалы бері халық алдына шығып қазақша бір ауыз сөйлегенін немесе сол бір айда өз саласында қандай да бір есеп бергенін көргендеріңіз бар ма? Керісінше, қашан көрсең Ж.Бекшиннің талдауын көреміз.

Өз басым бұл ауыс-түйістен ешқандай да оң шешім көріп тұрған жоқпын. Керісінше, әлі сол – қазақ тілін кемсіту. Орыс тілінің үстемдік етіп тұрғанын байқатты. Әйтпесе, қазақша білмегені үшін қай шенеунік жазаланып еді? Қазақша бір сөзі түсініксіз Гүлжан Қарағұсова да жүр жайраңдап…

Қазақ тілінің мәртебесін қағаз жүзінде ғана қорғап жүрген кейіп танытып, ал іс жүзінде орыс тілінің дәурені жүріп тұрғанын, өкінішке орай ешқайсысымыз да ұғып жүрген жоқпыз.

Ертай НҮСІПЖАНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: