Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Назарбаев: «Елге мықты менеджер керек»

26.04.2020, 9:55 726

HALYQLINE.KZ –| Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев елдегі проблеманы шешетін батыл менеджер керектігін айтты. Бұь туралы Бақ.кз сайты жазды.

Қазақстанды нақты жоспарға сәйкес,  бірыңғай орталықпен әрі стратегиялық және операциялық тұрғыдан басқарылатын тиімді корпорация ретінде қарастыратын уақыт жетті.
Мемлекеттік басқарушылардың бәрі ауыл әкімінен бастап үкімет мүшесіне дейін өз жұмысын қайта қарап, нақты нәтижеге жетуі тиіс. Еліміздің экономикасын қайта қалыпқа келтіріп, жұмыссыздықты азайтып, халықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдауға әзір батыл менеджерлер қажет болып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы осында қиын кезеңді еңсеру үшін Қазақстанның қазіргі істеп жатқан жұмыстарының  шешуші маңызға ие болатынын айтты. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: