Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нәлібаев: «Тұрғындардан сапаға қатысты шағым көп»

27.05.2020, 12:00 519

HALYQLINE.KZ 26 мамыр күнгі қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында шаһар басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Сәдуақас және Байқоңыр көшелерін жалғастыратын жаңадан салынып жатқан көпір және М.Исаев көшесінің бойында салынып жатқан жаяу жүргінші жолының құрылысымен танысты.

Қала әкімі «Мақсат ЛТД» ЖШС мердігер мекемесіне жаяу жүргінші жолының сапасына көңілі толмайтындығын және құрылысқа қойылатын талаптардың қатаң сақталуын ескертті.

– Бірінші кезекте сапаға мән беріңіздер. Тұрғындардан сапаға қатысты шағым көп. Ең басты талап – осы, – деді шаһар басшысы.

Мердігер мекеме айтылған сын-ескертпелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп, бақылауына алатындығын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: