Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мүгедектер кресло-арбаны қалай алады?

19.10.2020, 11:10 876

HALYQLINE.KZ Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мүгедектер арбасына тапсырысты ХҚО арқылы бере алады. Ал біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында оны жүзеге асыру жолын көрсететін боламыз.

ХҚО арқылы:

– ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;

– Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз;

– Операторға қажетті құжаттарды ұсыну арқылы қызметті 15 минутта рәсімдеңіз. Мобильді топты шақырту арқылы:

– «1414» бірыңғай байланыс орталығына мобильді топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сізбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн ішінде сіздің мекенжайыңызға келіп, құжаттарды рәсімдейді. Сізге қажетті құжаттар:

– Жеке басыңыздың куәлігі;

– Егер сенімді өкіліңіз келген болса, оның сенімхаты (нотариалды растау қажет емес);

– Медициналық оңалту бағдарламасы жөнінде анықтама;

– Мүгедектігі жайлы куәлік;

– Егер ҰОС ардагері немесе соған теңестірілген азамат болса, ол туралы куәлік;

– Егер әрекетке қабілетсіз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкілі құжат тапсыра алады.

Қызмет көрсету уақыты:

– Құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 10 жұмыс күні ішінде. Қызмет нәтижесі:

– Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берілуі жайлы шешімді ХҚО-дан аласыз.

Ескерту, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан беріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: