Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мүбараков мәселені шешумен айналысады

10.06.2020, 18:25 990

HALYQLINE.KZ Кеше аудан әкімі Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлы Сұлутөбе ауылдық округіндегі «КӨКСУ» КАНАЛЫН ҚАЗУ мәселесіне қатысты ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Оспанов Бауыржан Әліпбайұлы және аудан әкімінің орынбасары Жағыпбаров Тұрмағамбет Әлиасқарұлы мен «Шиелі сушар» өндірістік учаскесінің басшысы Әбділда Мақұлбеков қатысты.

Осыған дейін де Сұлутөбе ауылдық округінде аудан әкімі мен ауыл тұрғындары арасында «Көксу» каналын қазу туралы кеңінен талқыланып, арнайы өткізілген жиында ауыл ақсақалдары бірауыздан келісім берген болатын. Оған себеп, соңғы жылдарда Сырдария өзеніндегі су мөлшерінің азаюына байланысты және сағаның ұрма жерден салынуына байланысты «Көксу» каналының сағасындағы тоспаның алды қайырланып қалатындығы.

«Көксу» каналын қазуға байланысты бұл жолғы кездесуде арнайы мамандар жүргізген зерттеу нәтижесінде «Көксу» каналының сағасын жоғарыдан алып, сол сағаның ұрма жері Айдарлы жақтан келсе, «Көксу» жақ беті қайырланбайтыны белгілі болғандығы туралы тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі жобалық-сметасы бойынша, «Көксу» каналы 20 км қазылады деп жоспарланып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы Сұлутөбе ауылдық округіндегі «Көксу» каналын механикаландырылған тазартуға 92,3 млн теңге қаржы қарастырылды.

Сондай-ақ, 2020 жылғы 8 маусым күні «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының «Aqparat» бағдарламасында «Сұлутөбе ауылының халқы «Көксу» каналының арнасын қазуға қарсы» тақырыбында жарияланған бейнематериалға байланысты пікір білдірген кей ауыл тұрғындарының ұсыныстары бойынша ортақ шешім айқындалып, жиынға қатысушылар бейбіт келісіммен тарқасты.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер:
  • Жеке қабылдауыңызға кіргізуіңізді отінемін.мен осы кезге дейін сізге кіру үшін 4рет тіркелдім .хабарласамыз дегендеріне 1айдан асты.үйімнің өртенуіне байланысты.жондеуден соң өз қалпына келмей жер сұрауға

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: