Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Министр жұмыс сапарымен Қармақшыға барды

28.11.2020, 11:30 389

HALYQLINE.KZ Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Жосалы кентіндегі «Жосалы» ҚС-220-35/10 кВ электр станциясына жүргізілген қайта жаңарту жұмыстарымен танысты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Өңірлерді дамыту» және «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында Қармақшы ауданында электр желілері мен қосалқы станцияларды қайта жаңартудың 3 жобасы аяқталып іске қосылуда. Оның ішінде бір жоба «Жосалы» 220/35/10 кВ электр станциясының электро желілерін жаңғырту бойынша.

Жосалы кентіндегі электростанциясының жөндеу жұмыстары өткен жылдың қыркүйек айында басталған. Жоба құны 1,701 млн. теңгені құрайды. Жүзеге асыру барысында қуаты 25 МВА 220/35/10 кВ пен 6,3 МВА 35/10 кВ трансформаторлары орнатылып, 220 кВ және 35 кВ тарату құрылғысы салынды. Сонымен қатар, сыртқы қондырғыларға арналған ашық тарату құрылғысы салынуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: