Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің тұмары

04.06.2020, 9:55 552

HALYQLINE.KZ

Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр.

2007 жыл, 4 маусым. Нұр-Сұлтан қаласы. Дәл осы күні рәміздердің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумы өтті. Осы күннен бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданып, еліміздегі Мемлекеттік мерекелер саны тағы да көбейген-ді. Бұл күн – Ұлы даланың тарих беттерінде өзіндік орны қалған күн. Ал мерекелік датаны атап өту жыл сайын дәстүрлі үрдіске айналды. Бірақ биыл әлемді шарпыған індеттің салдарынан еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігіміздің темірқазығы саналатын Мемлекеттік Рәміздер күні бүкіл қазақ даласында онлайн тойланады.

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: