Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі енгізіледі

15.01.2021, 10:20 335

HALYQLINE.KZ Ел президенті азаматтардың билік органдарына сенімін нығайту үшін бар күш-жігерді жұмсау керектігін айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • Біз құқықтық мемлекетті дамыту және азаматтардың билік органдарына сенімін нығайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Бұл – өте өзекті міндет. Соған орай мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу айрықша маңызды. Осы бағыттағы реформалар жүйелі, байыппен орталықсыздандыруды, мемлекеттік аппаратты жаңғыртуды, квазимемлекеттік секторды оңтайландыруды және барлық үдерісті цифрландыруды қамтиды, – деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, сол арқылы мемлекеттік барынша ықшам, ашық әрі тиімді, ал шешім қабылдау үдерісі икемді және айқын болады.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: