Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Консультациялық-кеңесші органның отырысы өтті

14.09.2020, 18:30 371

HALYQLINE.KZ Облыс әкімдігінің ғимаратында облыс әкімнің орынбасары Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлының төрағалығымен Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі облыс әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның отырысы өтті. 

Консультациялық-кеңесші орган отырысына құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы орган басшылары қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров Қылмыстық жазасын өтеп жүрген сотталғандар мен айыпталушыларға медициналық көмек көрсету және өлім жағдайларын болдырмау бағытында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат берді.  Түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілерге медициналық көмек көрсету барысында кездесетін мәселелі сұрақтар облыстық денсаулық сақтау басқармасымен пысықталды.

Отырыс барысында Консультациялық-кеңесші органның төрағасы  жаза өтеушілерді міндетті медициналық тексерістен толық өткізілуін назарға алып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Пазиловқа ҚАЖ мекемелерін жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз етілуі бойынша тапсырма берді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: