Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көктемде қай шенеунік қызметімен қоштасады?

24.01.2020, 13:01 447

Құрметті жиынға қатысушылар!

Бүгін, өздеріңіз көріп отырсыздар, мен берілген тапсырмалардың тиісті деңгейде орындалмағаны үшін сөгіс жариялаған жоқпын. Бірақ, кемшіліктер жеткілікті. Мысалы, мен өз сөзімде айтқандай, халық тұтынатын ең қажетті тауарлардың бағасын өсіріп жібергені үшін қатаң шаралар қолдануға болар еді.

Жалпы алғанда, сөгіс беру жақсы нәтижеге жетудің аса тиімді жолы емес. Бұл – менің нақты ұстанымым. Сондықтан, Үкімет мүшелеріне және әкімдерге кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік беріп отырмын. Бүгінгі жиын барысында берілген тапсырмаларды зор жауапкершілікпен орындау қажет.

Көктемде бұл мәселеге қайта ораламыз. Сол кезде түрлі себептерге байланысты өздеріне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмағандарды қызметінен босату жөнінде нақты шешім қабылдаймыз.

Алдымызда ауқымды міндеттер тұр.

Бұл – экономиканы дамытудың жаңа жолдарын табу, халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекетіміздің әлеуетін толық пайдалану.

Мұның бәрін жүйелі түрде және халық алдындағы жауапкершілікті толық сезіне отырып шешуіміз керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың

Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен.

Үкімет үйі. 24 қаңтар, 2020 жыл.

(Берік Уәлидің фейсбуктегі парақшасынан)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: