«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 418.67 (-1.65)

  • EUR: 507.64 (-1.7)

  • RUB: 5.71 (0.01)

Гүлшара Әбдіқалықова: «Аудан әкімдігінің міндеті – бөлінген қаржыны тиімді игеру»

18.05.2020, 10:10 252 0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың аудандарға жұмыс сапары Байқоңыр қаласында және Қармақшы ауданында жалғасты.

Өңір басшысы бірінші кезекте Төретам кентіндегі №22 35/10 кВ қосалқы электр станциясының жұмысымен танысты. Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында аталған станцияны кеңейту және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Медет Усаин баяндады. Қосалқы станция 1966 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда қаржы бөлініп, қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Нысанды ағымдағы жылдың екінші тоқсанында толық пайдалануға береді деп жоспарлануда. Бағдарлама аясында 340 адам уақытша жұмыспен қамтылады. Облыс әкімі жауапты басқарма басшысына қосалқы станциясының жаңғырту жұмыстарын сапалы жүргізуді және уақытылы бітіруді міндеттеді.

Мұнан соң Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейіне және жаңадан салынған көпқабатты үйлерге барды. Аталған білім ұясында аймақ басшысы облыстық білім басқармасына Байқоңыр қаласы мен Қызылорда облысының оқушылары арасында демалыс уақытын тиімді өткізу, әрі тарихи орындарды таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастыруды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: