Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ет өнімдерінің бағасы мен сапасына мән беріледі»

05.04.2020, 16:17 561

HALYQLINE.KZ –| Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары! Мен облыс орталығындағы бірқатар сауда нысандарының жұмысымен таныстым.

Солардың бірі – «Small» супермаркеті. Сауда орны басшылығына басты басымдық ретінде азық-түлік тауарлары бағаларының тұрақтылығын сақтау қажеттігі айтылды. Бұлар – нан, макарон, ұн және тағы басқа әлеуметтік маңызы бар өнімдер.

Бұдан соң, «Сұлтан» сауда үйіне бардым. Мұнда ет және ет өнімдерінің бағасы мен сапасына баса мән берілді. Сауда үйінің басшылығына бағаны негіссіз өсірмеу жөнінде тапсырма берілді. Біз үшін ең бастысы – қолдан жасалатын қымбатшылыққа жол бермеу.

Айта кетерлігі, қазір облысқа қосымша азық-түлік өнімдері сатып алынып жатыр және олар Қызылорда облысының әлеуметтік дүкендері арқылы сатылатын болады. Сонда ғана агроөнімдердің жеткілікті қоры қалыптасады. Осы ретте, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына ұзын-сонар кезек мәселесін шешу міндеттелді. Қазір облыс тұрғындарын дәріханалардағы бетперде қорының жеткіліксіздігі және антисептик тапшылығы алаңдатады. Оған мен қаладағы «Europharma» дәріханасына барған кезімде көз жеткіздім. Тиісті сала басшыларына жергілікті өндірушілер арқылы медициналық бұйымдар өндірісін арттыру тапсырылды.

(Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың ФБ парақшасынан алынды.)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: