Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ергешбаев журналистермен және желі қолданушыларымен кездесті

10.09.2020, 14:20 382

HALYQLINE.KZ  Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологиялардың жылдам дамуы арқасында #Әлеуметтікжелілер халық арасында тұрақты қоғамдық пікір қалыптастырып ғана қоймай, тұрғындардың проблемалық мәселелерін жауапты органдардың жедел қарастыруына да ықпал етеді.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде біз күнделікті проблемалық мәселелерді дер кезінде анықтап, әлеуметтік желілер арқылы халықпен тығыз байланыс орнатудың маңыздылығы күннен-күнге артып келе жатқанын байқаймыз.

Осы ретте, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев та өзінің өткен жылғы және биылғы кезекті Жолдауларында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды айтып, бұл саяси реформаның бастамасы екендігін атап өткен болатын.

Осыған орай, БАҚ-тардағы және интернет ресурстарындағы өңірімізге қатысты өзекті мәселелерді талқылау, өткен аптада жарияланған Мемлекет басшысының Қазақстан халқына кезекті Жолдауында айтылған мәселелер бойынша еркін пікір алмасу мақсатында аудан әкімі М.Ергешбаевтың жергілікті БАҚ өкілдерімен және әлеуметтік желі белсенділерімен бейресми кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында қатысушылар Жолдаудағы басым бағыттарды талқылап, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымдылығын тілге тиек етті. Қоғамдағы өзекті мәселелер туралы бірқатар ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді.

Қоғамда пікір қалыптастыру, ақпараттық қауіпсіздік саласында белсенді үлес қосу мәселелері және әлеуметтік желіде жұмыс істеудің тиімді жақтары туралы әңгіме қозғалды.

Сондықтан осындай еркін форматтағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Кездесу соңында М.Ергешбаев қатысушыларға өзінің алғысын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: