Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елбасының жағдайын әкімдерден сұраймыз

05.04.2020, 12:19 586

HALYQLINE.KZ –| Еліміздің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ресми мәлімдеме жасап, ол кісінің денсаулық жағдайына қатысты ел ішінде тарғана қауесетті жоққа шығарды. Бұл туралы отандық басылымдар хабарлады.

Оның айтуынша, Назарбаев кеше ғана қала, облыс басшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, төтенше жағдай кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайын ақылдасқан.

«Кеше Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар өңір әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті. Осы орайда бірінші кезекте, төтенше жағдай кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерінің талқылануы – қалыпты жағдай.

Қатаң карантиндік талаптар аясында Елбасының жұмыс кабинетіне кіру тұрғысында да шектеу бар екенін түсіну керек. Алайда шектеуге қарамастан, баспасөз қызметі Тұңғыш Президенттің қызметі туралы халықты дер кезінде ақпараттандыруға тырысуда.

Біз ешқашан қауесеттерге түсініктеме бермейміз. Алайда соңғы уақытта жекелеген тұлғалар елдегі жағдайды тұрақсыздандыру бойынша, соның ішінде Елбасының денсаулығына қатысты жалған деректерді тарату арқылы белсенді әрекет жасап жатыр. Мұның бәрі арандатушылық және өтірік. Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы жақсы екеніне сендіргім келеді, ол карантин жағдайында да Отан игілігі үшін жұмысын жалғастыра береді. Ал кімде-кім күмәнданса, онда кеше Елбасы сөйлескен кез келген әкімнен бұл туралы сұрауға болады. Енгізілген шектеулердің барлығы тоқтаған кезде, Тұңғыш Президенттің қатысуымен өткен жұмыс кездесулері немесе кеңестерден видеожазбаны жеке өзім жасауға уәде етемін», – деді Айдос Үкібай.

Abai.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: