Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дональд Трампқа тағы да импичмент жарияланды

14.01.2021, 14:50 304

АҚШ конгресінің Өкілдер палатасы дауыс беру қорытындысы бойынша президент Дональд Трампқа импичмент жариялауды шешті. Импичмент тек бір ғана бап негізінде жарияланды. Ол – халықты бүлікке итермелеу. Айта кететін жайт, Трамп АҚШ тарихындағы импичмент екі рет жарияланған жалғыз президент.

Конгресстің дауыс беруіне сәйкес, импичмент туралы талапты 222 демократ қолдаған. Республикашылардың 197-і қарсы дауыс берді, бірақ партияның 10 мүшесі саяси қарсыластарының қазіргі президенттің отставкаға кету туралы талабын қолдаған екен.

Естеріңізге сала кетсек, 6 қаңтар күні АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп жақтастары Капитолийді басып кіріп, нәтижесінде 5 адам қаза болған еді.

– Сенат процесі осы аптада басталып, тез қозғалған күннің өзінде де, президент Трамп қызметінен кетер алдында түпкілікті үкім болмас еді. Бұл мен қабылдаған шешім емес, бұл факт,– деді сенаттағы республикашылдардың көшбасшысы Митч Макконнелл.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: