«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 420.29 (0.75)

  • EUR: 506.87 (-2.33)

  • RUB: 5.66 (-0.06)

Депутаттар арасында Шерағаңдай тұлғалар жоқ, өкінішті!

14.01.2021, 16:10 60 0

HALYQLINE.KZ

Жұртты дүрліктірген, қоғамды сарсаңға салған «мазақ» сайлау өтті. Бұлай деуімнің де себебі бар. Неге дейсіздер ғой. Бұл сайлауда ешқандай бәсеке болған жоқ. «Нұр Отан» және оның көлеңкесі іспетті, билікшіл партиялардың тартыссымағы. Билік өзіне керекті үш партияны («Нұр Отан», «Ақ жол» және Қазақстанның халық партиясы, яғни бұрынғы коммунистер) таңдады, ал «Ауыл» мен «Адалды» шетке тепті. Жарайды, бұл екеуінің де оңып тұрғаны шамалы. Шындығында сайлау кезінде ғана оянып, басқа кезде тым-тырыс жатқан партияларғада сол керек.

Айтқым келгені ол емес, басқа. Сайлауда жеңіске жеткен партиялар депутаттар құрамын анықтады. Бір қарағанда парламент 60-70 пайызға жаңарды, жасарды деуге болады. Бірақ, ия бірақ партиялық тізіммен өткен депутаттар арасынан халықтың сөзін сөйлейтін, ұлтты ұйыстыра білетін тұлғаны көрмедім. Кешегі Шерхан Мұртазадай биік мінберден күндей күркіреп, елдің жайын айтып, халықтың мұңын мұңдайтын, мемлекеттің болашағына алаңдайтын азаматтарды көре алмадым. Бір кем дүние деген осы болар. Бірер саясаттанушы һәм журналист, ақындар өткен екен. Алайда олар партияның шеңберінен шығып, бірдеңе айтады деудің өзі артық. Өйткені оларда Шерағаңның мысы жоқ. Өңкей биліктен именетіндер, жоғары жақ не айтса, бас шұлғитындар. Ал олар парламент креслосында отырған бес жылда ұлттың мүддесі үшін жан алып, жан беріседі деп ойламаймын. Дәл сол секілді әр деңгейдегі мәслихатқа барған депутаттардың құрамынан айтулы тұлғаларды кездестірмедім.

Мұның бәрін неге айтып отырмын? Өйткені билік жаңа партияларды тіркемеді. Бас тартты. Сол себепті парламентке шеңберге сыймайтын, ұлттың мүддесін ойлайтын, халықтың сөзін сөйлейтін азаматтар бармады. Партиялар арасында бәсеке болған кезде ғана саясаттың көрігі қызатыны белгілі емес пе? Демек ешқандай айтары жоқ, бастамасы жоқ билікшіл партияның өкілдері парламентке шоғырланған жерде тартыс туады, ақиқат айтылады деп айтудың өзі қиын. «Баяғы жартас, бір жартас» деген осы. Еліміздің саяси алаңында үлкен өзгерістер болуы үшін жаңа партиялар керек. Бір емес бірнеше партиялар тіркеліп жатса, артықтық етпейді. Соның ішінде біз құжатын тапсырып қойған экологиялық партия «Байтақ-Болашақ» болып жатса, құт үстіне құт болар еді. Өйткені елімізде үлкен өзгерістер, саяси және экономикалық реформалар өте қажет. Бұрынғы сарынмен өмір сүруге болмайды.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ,

саясаттанушы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: