Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Депутат Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды

12.06.2020, 10:50 540

HALYQLINE.KZ Бұл туралы депутат өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Соңғы күндері көп азаматтар денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр. Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Алдымен үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын. Дәрігерлер атаған COVID симптомдарын бастан өткерудемін. Қазір вирустың таралу ықтималдығы артты. Сондықтан, азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді», – деп жазды Бекболат Тілеухан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: