Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Біздің ел үшін демократиядан басқа балама жоқ

10.06.2020, 13:50 632

HALYQLINE.KZ

Мені бір мәселе мазалап жүр. Менің қоғамдық принципті позициям, Қазақстанда демократия дамып, пікірлер плюрализмі қалыптасуы керек. Десеңіз, біздің Ел үшін демократиядан басқа балама жоқ деп ойлаймын!

Дегенмен, демократияға деген қозғалыс, ұмтылыс мемлекетіміздің табалдырығына, фундаментіне кері әсерін тигізбеуі тиіс. Егерде тәуелсіз Қазақстан болмаса, бізге демократияның қажеті қанша!

Сондықтан, демократиялық процестер эволюциялық түрде, салмақты-салиқалы жүруі тиіс.

Ең бірінші, саяси мәдениет мәселесі өзекті. Қоғамда бірін-бірі тыңдау қабілеті, мәдениетті, байсалды пікір алмасу, дискуссия жасау мәдениеті қалыптасуы керек.

Өкінішке қарай, бізде төзімсіздік, басқаның көзқарасына ала көзбен қарау жиі кезігеді.

Демократия дегеніміз, ең бірінші, оппонентіңнің уәждерін қабылдау, ол уәжбен келіспеуге болады, дегенмен, оны сыйлауың керек.

Сын қажет. Өзара сын бүгінгі күннің басты қажеттілігі, бірақ, сын мін болмауы керек.

Митинг өткізу мәдениеті жаңаруы керек. Митинг дегеніміз көшенің стихиясы емес. Митинг дегеніміз – ең бірінші, билікке өзіңнің талабыңды мәдениетті түрде жеткізу. Ол үшін жабылып жүріп, митинг туралы заң қабылдаттық. Енді, сол заң бойынша, қай қаланың болмасын қақ ортасында, құлақтандыру арқылы, азаматтар өзінің талап-тілектерін жеткізуге мүмкіндіктері бар.

Осы мүмкіндікті оңтайлы пайдалану өте маңызды.

Бізге жаңа тұрпаттағы диалог пен қоғамдық процестің бастамасы керек.

Ең бастысы, мемлекет. Демократия – сол мемлекеттің атрибуты, керісінше емес…

Ерлан  САИРОВ,

саясаттанушы

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: