Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Билік блогерлерді жақсы көре ме?

27.02.2020, 14:55 579

«Halyqline.kz» сайты ұсынған кезекті сауалнама билік пен блогерлердің байланысына арналды­. Иә, орайы келгенде айта кетейік, еліміздег­і бірқатар басшылар облыс орталы­ғының, мекеменің, т.б. оң имиджін қалып­тастыру мақсатында арнайы жоба жасап, оны блогерлер арқылы насихаттап жүр. Әрине, бүгінгі блогерлер қауымын да бірнеше бөлікке бөліп қарастыруға болады. Сондықтан, сайт оқырмандарына  осы  тақырып төңірегінде сауал­ қоюға  тура келді.

«Билік блогерлерді жақсы көре ме?» деген сауалнама сайтқа 13 ақпанда орналастырылды. Алғашқыда айтқандай, қалаған нұсқаны таңдап дауыс беру екі аптаға созылды. Сауалнамада бес жауап болды.

Ойлы оқырманнан «Билік блогерлерді жақсы­ көре ме?» деп сұраған сауалнама қоры­тын­дысында  «Олар  бірін-бірі  пайдаланып жүр» деген нұсқа 47%-бен көш бастады. Демек, дауыс берушілердің көпшілігі осы пікірмен келіседі­. «Әрине, «шабармандарды» кім жек көрсін!?» атты келесі нұсқа 17% дауыс жинаса, оқырмандардың 15%-ы «БАҚ-қа бүйрек бұратын­дары да бар» деп дауыс беру батыр­маны басқан. Сауалнамаға қатысқандардың ішінде «Билік «жетекке еретіндерді ғана жақсы көреді» (14%) деп ойлайтындар да бар болып шықты. Ал, біз ұсынған бесінші нұсқа (Жоқ, шындық шымбайына батады) небәрі 7% ғана дауыс жинапты­. Яғни, бұл сан қара халықтың жағ­дайынан гөрі қара басының қамын жасайтындардың  көптігіне  мысал  бола  алады.

«Halyqline.kz» сайты алдағы уақытта да сан түрлі салаға байланысты өткір сауалнама ұйымдас­тыратын болады. Барлық оқырманды белсенді  болуға  шақырамыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: