Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі қоғамдық кеңеске есеп берді

27.01.2021, 15:00 544

HALYQLINE.KZ Аудан әкімдігінің мәжіліс залында қоғамдық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша алдымен аудан әкімі М.Қалдарбеков есептік баяндамасында ауданымызда өткен жылы атқарылған ауқымды жұмыстарды айта келе, алда тұрған міндеттерді де саралап өтті.

Содан соң аудандық мәслихат хатшысы Ә.Қошалақов өз хабарламасында жыл көлемінде жасаған жұмыстарына жан-жақты тоқталып өтті.

Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы К.Раева есепті кезеңде атқарылған жұмыстардың есебін беріп, қоғамдық кеңесте қозғалған және шешімін тапқан мәселелер жөнінде хабарлама жасады. Мәселен, ауданға кіре беріс шекарасына ауданымыздың паспорты орналастырылды, газдандыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды, абаттандыру, көркейту-көгалдандыру бағытында жұмыстар істелді.

Сонымен бірге орта шағын кәсіпкерлікті қолдау бағытында ауылдық елді мекендер мен кенттерде 70 цех жұмысын бастады. Алдағы кезеңде де жұмыссыздықты азайту, аудан бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайту, басқа да мәселелерді кезең- кезеңмен шешу көзделген.

Қоғамдық кеңес отырысына қоғамдық кеңестің мүшелері, БАҚ өкілдері, аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары қатысты.

Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының есептері негізінде өткен жылғы қызметтеріне оң баға беру туралы қарар қабылданды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: