Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал қаласында жаңа тұрғын үйлердің іргетасы қаланды

25.05.2020, 9:06 400

HALYQLINE.KZ Өткен аптада аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың қатысуымен Арал қаласындағы №2 мөлтек ауданы аумағынан 1 қабатты 4 пәтерлі 10 тұрғын үйдің іргетасын қалау рәсімі өтті. Тұрғын үй жобасында 2 бөлмелі – 20 пәтер, 3 бөлмелі 20 пәтер жоспарланған.

Жаңа үйлердің іргетасын қалау барысында аудан басшысы бас мердігерлердің жұмысына сәттілік тілеп, құрылыстың сапалы әрі уақытылы жүргізілуін тапсырды

Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінде елімізде тұрғын үй мәселесі ең өткір әлеуметтік проблемалар қатарында. Соның ішінде, ауданымызда да баспана мәселесі өзекті. Осы орайда, өз үйіне қол жеткізгісі келетін аудан тұрғындарының мәселесін шешу мақсатында қолға алынған ауқымды құрылыс жұмысы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда.

Іргетасы қаланған жаңа тұрғын үйлерді салушы бас мердігерлер – жергілікті «Науырыз құрылыс» ЖШС және «Арал су-құрылысы» ЖШС. Атап өту қажет, аталған жобаның қаржысы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» келісімшарт негізінде облыстық бюджет есебінен бөлініп отыр. Яғни, жаңа баспанаға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кезекте тұрған салымшылар қол жеткізе алады. Бүгінгі бастау алған құрылыс жұмыстары аясында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы 50-ге жуық аудан тұрғындары жұмыспен қамтылып отыр.

Жаңа тұрғын үй құрылысы ағымдағы жылдың күз айында аяқталып, 40 отбасына жаңа пәтер кілттері табысталатын болады.

***

Бүгінде аудан орталығындағы «Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу» бөлімінің ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Осы жұмыстардың жүйелі жүруін қадағалау мақсатында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жаңғырту жұмыстарының жай-күйімен танысып шықты.

Қайта жөндеу жұмыстарын қолға алған мердігер Ислам Жұбанов өздеріне жүктелген міндетке кірісіп кеткендіктерін, жөндеу барысы талапқа сай өтіп жатқанын жеткізді. Жұмыстары алдағы шілде айында тапсыру көзделіп отыр. Атап өту қажет, қайта жаңғырту жұмыстары аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысы бойынша аудандық бюджеттің қаржысы есебінен жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстары барысында әлеуметтік нысанның шатыры, есіктері мен едені ауыстырылып, ішкі қабырғалары жаңартылып, сырты қайта әрленетін болады. Сонымен бірге, халыққа қолайлы жағдай туғызу мақсатында ғимараттың 1 қабаты кеңейтіліп жасақталатын болады.

Жалпы әлеуметтік құрылыс нысанын аралап көрген аудан басшысы құрылыс барысында олқылықтың болмауын, істің тиянақты атқарылуын тапсырды.

***

Сонымен қатар, жұмыс барысымен бірқатар нысандарды аралаған аудан әкімі М.Оразбаев Арал қаласындағы «ARZAN MARKЕT» супермаркетіне арнайы барды. Басты мақсат – аудан орталығындағы ірі азық-түлік нысанындағы санитарлық талаптардың сақталу жағдайымен танысу.

Адам көп шоғырланатын сауда үйінде болған аудан басшысы қызметкерлермен жүздесіп, қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, сақтық шараларын босаңсытуға болмайтынын ескертті. Сонымен қатар, тұтынушыларға қауіпсіздік шараларын ескертіп отыруды және санитарлық талаптарды қатаң сақтауды тапсырды.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: