Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ақ жол» депутаттарының тізімін жариялады

13.01.2021, 9:30 559

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының құрамына енген «Ақ жолдық» депутаттардың тізімі жарияланды. 

Тізім «Ақ жол» партиясының орталық кеңесінің пленумы барысында мәлім болды.

Партия атынан депутаттық мандатқа ие болғандардың қатарында осыған дейін депутат болғандармен қатар жаңа адамдар да бар.

Сонымен «Ақ жол» партиясының атынан пленум шешімімен Азат Перуашев, Азамат Әбілдаев, Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсембинов, Серік Ерубаев, Дания Еспаева, Айгүл Жұмабаева, Қазыбек Иса, Андрей Линник, Ерлік Өмірғали, Мақсат Раманқұлов, Азат Сембинов Мәжіліс депутаты мандатына ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, ОСК жариялаған сайлау қорытындысы бойынша Мәжілістегі депутаттық манданттар былай бөлінді: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясына – 10 мандат берілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: