Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аппарат мәжілісінде ауқымды жұмыстар талқыланды

18.11.2020, 18:15 641

HALYQLINE.KZ  Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлының төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, дербес бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органы мен тиісті мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде өзекті 2 мәселе қаралды. Күзгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстарының қорытындысы бойынша және бүгінгі күнге тағы қанша азаматтың әскерге жіберілетіндігі туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Шарипаев Руслан Әкімжанұлы баяндады. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы аудандағы мемлекеттік ақпараттық саясаттың бірқатар мәселелері жөнінде талқылап, тарқатып айтты.

Аудан әкімі қозғалған мәселелерге қатысты баса мән беруді қажет ететін тұстарды атап, тиісті сала басшылары мен кент және ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: