Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алып жүкті Атырау көшелерімен алып жүрді

15.06.2020, 15:50 709

HALYQLINE.KZ 14 маусымда «Sarens Kazakhstan» ЖШС   ірі габаритті 5 технологиялық жабдықты тасымалдауды бастады, – деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жүктер Оңтүстік Кореядан «АтырауӨзен» портына жеткізілген еді. Енді оны Қарабатан ауылының маңындағы газохимиялық зауытының құрылыс алаңына дейін тасымалдайды.

«Алып жүк Қожақаев көшесі мен Азаттық даңғылы, С.Датов, Элеватор, Қабдолов көшелері арқылы Бірлік ықшамауданына өтіп, «Атырау-Доссор» тас жолына бағыт алады.

Осыған орай, аталған көшелердегі кейбір бағдаршам, өзге де бағаналар жүк көлігіне кедергі келтірмес үшін алынады. Сондай-ақ, тасымал кезінде аталған көше жолдары уақытша жабылып, ыстық су, жылу желісі мен электр энергиясы ажыратылады», – деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мұндай ірі габаритті жүкті тасымалдау 21, 28 маусымда, сондай-ақ, 5, 12, 19 шілдеде жалғасатын болады.

Фото: Рахым Қойлыбаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: