Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ басшысы Шиелі ауданында болды

29.01.2020, 7:31 906

Кеше облыс әкімі Қ.Ысқақов Шиелі ауданына қарасты бірқатар елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесті. Сонымен қатар, аудан әкімінің есебіне қатысты. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын аймақ басшысы Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш,Сырдария аудандарында болып, 90-ға жуық елді мекенді аралаған болатын.

Ал 90 мың тұрғыны бар Шиелі ауданында өткен жылы өндірілген өнеркәсіп өнімі 31,4 млрд теңге болса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 25,8 млрд теңгеге жеткен.

Аудан әкімі Ә.Оразбекұлының халыққа есеп беру кездесуінде облыс әкімі Қ.Ысқақов өңірдегі атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы бірқатар ойларын айтты. Шиелі ауданына былтыр 55,2 млрд теңге инвестиция тартылып, соңғы 7 жыл ішінде аудан инвестициясы 191 млрд теңгеге жеткен.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2019 жылы 790 млн. теңгеге 5 елді мекенде ауы су құбырлары жүргізіліп, Бірінші Май, Бірлестік, Ботабай елді мекендерінің тұрғындары ауызсумен қамтылды.Сонымен қатар, құрылыс саласында да жағымды жаңалықтар жетерлік. Мәселен, өткен жылы 228 млн. теңгеге облыстық бюджет есебінен ауданда 18 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй құрылысының жұмыстары басталды, биыл аяқталмақ. Одан бөлек, аудан орталығынан жалпы құны 1 млрд. теңгеге тағы да 3 бөлмелі 59 тұрғын үйдің құрылыс жобасы әзірленіп отыр»,- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Шиелі ауданында 2018-2019 жылдар аралығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында барлығы 11 нысан пайдалануға берілген. Олардың 4-еуі – спорттық нысан, 2-еуі – дәрігерлік амбулатория және 1-еуі – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы.

Биылғы жылы білім саласында маңызды құжаттар: «Педагог мәртебесі» туралы Заң мен Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Аймақ басшысы осы бастамалар облыста сапалы жүзеге асырылуы қажет екендігін айтты.

«Осы жаңа бағдарлама аясында облыста 30 мыңнан аса педагогтің жалақысы 25%-ға көтерілді. Бұдан бөлек, функционалдық міндеттеріне және санаттарына қарай қосымша 30-50% үстемақы төленуде»,- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Өңір басшысы тұрғындармен кездесуін Гигант ауылдық округінен бастады. Кездесуге келгендер ауылдық жерлерді аралап, халықтың тыныс-тіршілігімен танысып жүрген облыс әкіміне ризашылықтарын жеткізді.

Ал, ақмаялықтармен кездесуде тұрғындар «көгілдір отын» мәселесін көтерді. Жеке кәсіпкер Дәулет Жұмабеков мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында газ мәселесін шешетінін айтты. Аймақ басшысы жауапты сала мамандарына бірігіп ауылға газ кіргізуді тапсырды.

Облыс әкімі Қ.Ысқақов Төңкеріс, Ш.Қодаманов, Еңбекші, Керделі, Н.Бекежанов ауылдарын да аралап көрді. Төңкеріс ауылының тұрғыны Әбітқан Мизамбаев ақсақал «Ауылымызда көтеретін мәселе жоқ. Спорттық клуб салынған, мұнда түрлі үйірмелерге қара домалақтарымызды баулып келеді. Аудандық әкімдік алдағы уақытта әуез мектебін қайта жаңғыртудан өткізетіндігін айтты», -деп батасын берді.

4000 мыңнан аса тұрғыны бар Жуантөбе ауылдық округінде тұрғындар табиғи газ кіргізу мен көшені жарықтандыру мәселесін көтерді. Аймақ басшысы Сырдария,Жалағаш, Шиелі ауданы мен Жосалы кентіне «көгілдір отын» тарту шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Мұнан кейін Қуанышбек Досмайылұлы Телікөл мен Ә.Тәжібаев ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті.

Аймақ басшысының оңтүстік аудандарға жұмыс сапары бүгін Жаңақорған ауданында жалғасады деп жоспарлануда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: