Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ басшысы «Кәсіпкерлер үйінің» жұмысымен танысты

16.11.2020, 10:00 504

HALYQLINE.KZ Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Кәсіпкерлер үйі» ғимаратының жұмысымен танысты.

Алдымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов жаңадан ашылған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысы туралы баяндады.

Қызылорда облысында 1 қазандағы статистикалық ақпарат бойынша 47 447 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеуде. Өткен жылмен салыстырғанда өсім – 5,4 пайыз. Өңір кәсіпкерлері бүгінде 92470 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Ағымдағы жылдың жылдың 9 айында облыстан жалпы құны 19 млн долларды немесе 8,2 млрд теңгені құрайтын 74,8 мың тонна күріш экспортталған.

Өңірде сертификат алушы отандық тауар өндірушілер саны артқан. 10 айдың қорытындысы бойынша қызылордалық кәсіпкерлер экспортқа 1120 сертификат алған. Өткен жылмен салыстырғанда өсім – 47 пайыз.

Елдегі шектеу шараларына қарамастан Палата мамандары кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтерді тоқтатқан емес. Бұрын қызметтер офлайн көрсетілсе, қазіргі жағдайды ескере келе онлайн қызметтерге де басымдық берілуде.

«Бастау» және «Бизнес мектеп» жобасы бойынша облыс бойынша 2742 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Оқыған азаматтардың 98 пайызы біліктілігін онлайн жетілдірді.

Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері 10 айда 3324 кәсіпкерлік субъектісіне 6063 кеңес беріп, 1335 кәсіпкердің бухгалтерлік есептерін тапсырды, электронды кілтін алып берді, мемлекеттік сатып алуға қатысуына жағдай жасады.

Палата кеңесшілері биылғы жылы кәсіпкерлерге 487 бизнес жоспар әзірлеп берді. Соның ішінде жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын 188 жоба қаржыландырылды, 56 жоба мақұлданды.

Биыл «Бастау» жобасын оқыған азаматтардың 42 пайызының жобасы, нақтырақ айтқанда жалпы құны 515,9 млн теңгені құрайтын 914 жоба қаржыландырылды. Басым бөлігі – «Еңбек» бағдарламасы аясында қайтарымсыз қаржы-грант иегері.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша облыстың жобалық кеңсесінде құны 16,5 млрд теңгені құрайтын 160 жоба бар. Бүгінде 9 млрд теңгені құрайтын 110 жоба мақұлданды.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова қиын кезеңде кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетілу керек екенін ескертіп, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысын тиімді ұйымдастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Кәсіпкерлер үйі» ғимаратында орналасқан «Бизнеске арналған Үкімет» платформасының, «Халық банкі» және «ВТБ банкі» Қызылорда филиалының, «Азаматтарға арналған Үкімет» мекемесінің және «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығының» жұмысымен танысты.

Еске салайық, аталған ғимаратта кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы да орналасқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: