«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.05 (1.18)

  • EUR: 509.29 (4.04)

  • RUB: 5.58 (-0.01)

Аймақ басшысы – «Antikor Live-та»

18.11.2020, 17:15 211 0

HALYQLINE.KZ Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Antikor Live» жобасы аясында «Әкімдіктердің ашықтығы, есептілігі және қол жетімділігі» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат берді. Тікелей эфирге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің облыстық департаментінің басшысы Ардақ Ерсейтов қатысты.

Аймақ басшысына әлеуметтік желідегі облыс тұрғындарының пікірлері негізінде сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты бірқатар сұрақ қойылды.

«Құқықтық статистикалық мәліметтерге жүгінсек, осы жылдың 10 айының қорытындысымен сыбайлас жемқорлық сипатында 81 қылмыс тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда 26,4% төмендеген. Республикадағы 17 өңірмен салыстыратын болсақ, тергеу өндірісінде болған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істер бойынша біздің облыс 16-шы позицияға орналасқан. Осы көрсеткіштің өзі – біздің бұл саладағы жұмыстардың оң нәтижесі», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Сондай-ақ, облыс әкімі азаматтардың ақпаратқа қол жетімдігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың тарапынан қабылданып жатқан іс-шараларға тоқталып, ашықтық принципін ұстанатынын атап өтті.

Қазіргі таңда, облыстық әкімдіктің ресми интернет-ресурсы арқылы кез-келген азамат мемлекеттік органдардың атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпаратты ашық түрде алады. Салалық басқармалардың жұмысы, конкурс хабарландырулары, нормативтік құқықтық актілер, өңірдегі барлық жаңалықтар күн сайын жаңартылып тұрады. Ал, ашықтықтың бір бөлігі қаржыға байланысты. Әкімдіктердің ашық бюджеттеріне арналған интерактивті карта әзірленген. Онда барлық салалардың шығыстары туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік бар.

«Электронды үкімет», «Ашық диалог» egov.kz порталында тұрақты түрде облыс әкімінің қатысуыммен онлайн режимде түрлі тақырыптарда интернет-конференциялар өткізілуде. Атап айтсақ, 2020 жылы 12 интернет-конференция жоспарланды. Бүгінгі күнге дейін 8 ұйымдастырылып, түскен сұрақтардың барлығына онлайн режимде жауап берілді.

Сонымен қатар, мемлекет тапсырысы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандары туралы толық ақпаратты арнайы сайтта орналастырып, халыққа қолжетімді ету мақсатында құрылыс саласында «Халық мониторинг» (Halyq Monitoring) электронды жүйесі іске қосылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: