«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 417.99 (-0.32)

  • EUR: 492.68 (+0.75)

  • RUB: 5.74 (+0.06)

«Әкімдер елді дəрімен жарылқап тастадық дейді…»

31.07.2020, 14:00 75 0

HALYQLINE.KZ Əкімдерді айтамын, Президенттің алдында шімірікпестен соғады, ə? Беті бүлк етпейді. Ағайын-ау, Алматы, Астана, Шымкенттің арасында сабылған жұрт əлі бір-біріне дəрі-дəрмек тасумен жүр. Аса қажет дəрілер жоқ болған, əлі де солай. Мысалы, Семейде қатты ауырып жатқан апайыма қажет дəріні бүгін Алматыдан күні бойы іздеп таба алмадым. Шымкенттен табылып еді, оның тасымалы қиын болды. 8 градуста сақтау керек екен. Алыс-жақындағы таныстарды жұмылдырып, ол дəріні Астанадан таптық. Енді оны Семейге жеткізу керек. Сөйтсек, ұшақта басы артық дəрі алып жүруге болмайтын тиым салынған дей ме?

Əйтеуір, күні бойы дəрі операциясымен айналыстым. Ал, бүгін есеп берген əкімдер елді дəрімен жарылқап тастадық дейді. Өтірік! Қып-қызыл өтірік! Мен осыған куəмін. Олар аймақтағы жағдайды толыққанды білмейді. Президенттің алдында есеп берсек, іс бітті деп ойлайтын болуы керек. Ал, мынау індеттің бетін қайтаруға жарайтын ең қажет дəрілерді іздеген жұрт əлі сабылып жүр. Шындық – осы!

Серік Жанболаттың фейсбук парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: