Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкімдер билік партиясына емес, халыққа қызмет етуі керек!

29.10.2020, 12:30 460

HALYQLINE.KZ  Бүгін Ақтөбеде «Ақ жол» демпартиясының облыстық конференциясына қатыстым. Партия бағдарламасының негізгі бағыттарының жобасын таныстырдым.

Оның ішінде демократияландыруға, билік монополиясын өзгертуге- тексеру жүйесі және теңестіру, парламенттік Республика институттарын енгізуге ерекше көңіл бөлінген.

«Нұр-Отан» партиясының барлық филиалдарын әкімдердің басқаруы дұрыс емес. Аймақтың басшысы шенеуніктердің тар мүддесіне емес, барлық азаматтарға қызмет етуі тиіс. Иә, «Нұр-Отан» партиясының миллион мүшесі бар дейді. Бірақ, еліміздің халқы 19 миллион емес пе!? Егер әкімдер өздерінікін ғана қолдай берсе, қалған 18 миллион кімге үміт артады?

Мұндай тәжірибеден бас тарту керек, мүмкін әкімдерге билік партиясының филиалдарын басқаруға тиым салған жөн.  Биліктің емес, халықтың құлы болсын!

Азат Перуашевтің жазбасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: