Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкім кентті аралады

16.11.2020, 9:30 650

HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков Жосалы кентіндегі бірқатар нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.

Алғашқы нысан №183 орта мектебінде болып, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жалпы білім беретін мектеп оқушыларына гигиеналық тұрғыда қауіпсіздігін сақтау шараларын арнайы барып көрді. Алдағы уақытта білім алушылар арасында сақтық шараларын қатаң сақтауды тапсырды.

Аудан әкімі Мұса Оспанұлы аудандық электр станциясында жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмысын көрді. Электр тарату торабындағы атқарылып жатқан жұмыстарды талдап, бектілген мерзімде жұмыстарды сапалы әрі тиянақты аяқтау қажет екендігін айтып, қатаң тапсырды.

Мұнан кейін «Шипагер» емханасының жұмысымен танысты. Күнделікті келушілердің санын, оларға көрсетілетін ем шараларлардың жағдайын бақылап көрді. Сонымен бірге учаскелік дәрігерлермен сұхбаттасып, коронавирус індетінен барынша сақтану жайлы сөз қозғап, қазірігі таңда жүйелі түрде жұмыс жүргізу керектігін тиісті сала басшыларына тапсырды.

Келесі нысан қатты отын қоймаларын аралап көрді. Қоймалардағы қатты отын қорымен және босатылу бағасымен сапасына назар аударып, тиісті сала басшыларына бақылауда ұстап отыруды жүктеді.

Сонымен бірге Сырдария өзенінде қыс мезгілінде су тасқыны қауіпін төндіретін төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында атқарылып отырған жұмыстарды көрді. «Қараөзек №1, №2» дамбаларының көтеру, көңкеру және нығайту жұмыстарының барысымен танысты. Сарөзек көлінің сағасының дамбасының күшейту жұмыстарын, №4 А насос станциясының жұмыс барысын көрді. Өз кезегінде аудан басшысы атқарылып жатырған жұмыстарға пікірін білідіріп, тәжірибесімен бөлісіп жұмыс барысында ескеру керек екенін айтып өтті.

Жосалы кентін аралау барысында аудандық полиция бөлімінде болып, жаңадан салынған уақытша ұстау изоляторын аралап көрді. Қызметкерлерге аудан көлемінде құқық бұзушылықпен бұзақылық қылмыстарының алдын алу және оларды болдырмауға күш салу керектігін ескертті.

Кент орталығындағы №5 «Ертөстік» балабақшасының жұмыс барысын көріп, тәрбиешілермен жүздесті. Қазіргі таңда балалардың ең басты денсаулығына көңіл бөліп, күнделікті бір-бірімен байланыста гигиеналық талаптарды қатаң сақтап отыру керектігін атап айтып өтті.

Жалпы алғанда аудан әкімі Мұса Оспанұлы Жосалы кентінде атқарылып жатқан жұмыстар күнделікті бақылауда болатынын жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: