Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкім «Егіз ауылындағы» үшемге барды

08.06.2020, 16:35 1042

HALYQLINE.KZ Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев еліміздің демографиясына ерекше үлес қосып, дүниеге үшем әкелген Ү.Түктібаев ауылының тұрғыны Әйгерім Махамбетжанова мен Қуаныш Алтынбаевты арнайы барып құттықтады. Аудан басшысы үшемдердің дені сау, ғұмыры ұзақ болсын деген тілегін жеткізіп, сый-сияпаттарды тарту етті.

Мамыр айының басында Әйгерім Махамбетжанова дүниеге Айғаным, Айғант, Асылым атты үшем әкелген болатын. Әйгерім жұбайы Қуанышпен бірге Тоғжан, Ақтілек, Ғани, Әлия және Жайна атты 5 баланы әлпештеп өсіріп отырған бақытты ата-ана. Қуаныштың анасы Кәмпит Алтынбай да өмірге 11 баланы әкелген көпбалалы ана.

Естеріңізге сала кетейік, елімізге «Егіз ауылы» атымен танымал Ү.Түктібаев ауылында 23 егіз, 2 үшем дүниеге келген.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: