«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (0)

  • EUR: 505.25 (0)

  • RUB: 5.59 (0)

Әбдіқалықова «ескі гвардияға» сенеді

07.05.2020, 11:30 410 0

Ілгеріде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев әкімқараларға «командалық ауысуды тоқтату керек» деп тапсырма жүктегені бар. Бірақ одан бері қанша жыл өтті. Билік ескі сүрлеуден шыға алар емес. Әсіресе, әкімдер! Топ болып келіп, топ болып кету тыйылатын түрі жоқ. Естеріңізде­ болса, аймақты 6 жылдан аса басқарғ­ан Қырымбек Көшербаев Қызылордаға келе сала кадрлық ауыс-түйіске көшкен. Елеуұлы өзі жасақтаған кадрлармен аттай алты жыл жұмыс істеді. Кейіннен оның орнына орынбасары отырды. Ысқақовтың хикаясын кейінге ысыра тұрайық. Әңгіме облыс әкімі Гүлшара Әбді­қалықованың  кадр  жасақтауы  жөнінде  боп  тұр.

Жасыратын несі бар, облыс әкімі біраздан бері биліктің бұрқ-сарқ қайнаған қазанында болса да, бұрын-соңды өз алдын­а «отау тігіп» көрген жоқ. Яғни, осыған дейін облыс тізгі­нін ұстаған емес. Енді міне, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдіқалықоваға жаңа қырынан көрінуге мүмкіндік беріп отыр.

Аймақ басшысының дәл қазір коронавирус инфекция­сымен  қатар  кадр жасақтау мәселесіне де бас қатырып жат­қаны­ анық. Сондықтан болар кейбір жауапты органдағы басшы­лық  қызметтер бос тұр. Ал әзірше соңғы тағайындау­ларға  тоқталсақ…­

Әкімдік сайтында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін­е 14 сәуірден бастап Тілешов­ Нұрлан Шаймерденұлы тағайын­далғаны туралы хабарлама орналастырылған. Хабарламада оның экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, индустриялық-иннова­ция­лық даму, цифрлық технологиялар және кәсіпкерлік салаларына жетекш­ілік ететіндігі жазылған. Әйткенмен, жергілікті билік бұл хабард­ы ресми түрде жариялаған жоқ. Мүмкін алдағы уақытта хабарла­й  жатар…

Облыс әкімдігіндегі ауыс-түйіс­тің легі сәуірдің соңында тағы да жалғасты. Бұл тағайындауларды әркім өзінше сан-саққа жүгіртуде. Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жол­дары басқармасының басшысы қызметіне Тлеумбетов Мұрат Жол­кел­діұлы тағайындалды. Ол бұған дейін осы басқармада жауапты қызмет атқарған. Ал 2017 жылдан бері  аталған  басқармада басшылық  еткен Ержан Әбдіхалықов бұл қызметтен кетті. Бейресми мәлі­метке сенсек, ол облыс әкімі Гүл­шара Әбдіқалықованың жақын інісі  көрінеді.

Әнеугүні ел ішінде бұған дейін бір ашылып, бір жабылған жастар саясаты мәселелері басқармасының қайтадан тарайтындығы айтыл­ды. Бұл пікір наурыз айында осы басқарманың басшысы Қуаныш  Жанұзақов облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметіне ауысқан соң қоюлана түскен-ді. Алайда бір айдан кейін ескі де жаңа басшы бұрынғы қызметіне қайта тағайындалды. Шамасы, Әбдіқалықова жастарм­ен тікелей жұмыс істейтін органды таратуды құп көрмесе керек.­

Біршама уақыттан бері бос тұрған облыстық білім басқармасы басшысы қызметіне Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы келді. Бас мұғалімге білім саласы таңсық емес. 20 жылға жуық  тәжірибесі бар  маман.  Дегенмен…

Қайбір жылы Ақзира Бақтыбайқызын облыстық білім басқармасында лауазымды қызметте жүрген жерінен қала әкімі Нұр­лыбек Нәлібаев қалалық білім бөлі­міне басшылық қызметке алдырғ­ан. Бір ай өтер-өтпестен ол өз өтініші негізінде басшылық қызмет­тен кетті. Одан кейін Бақыт­байқызын «ұшты-күйлі» жоғал­тып алдық. Енді міне, араға біршама уақыт салып 20 жыл өмірін арнаған білім саласына қайта келді. Бас мұғалім қызметіне кіріскеннен кейін әлеуметтік желіге:­

– Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облыстық білім бас­қармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағай­ындалдым. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік пен сенім жүгі. Барша тілеулес болған азаматтарға, игі тілегін жеткізген әріп­тестерім мен педагог қауымға шынайы­ алғысымды білдіремін. Алда білім беру саясатында Мем­лекет басшысының алға қойған міндеттері мен облыс әкімінің аймақ дамуына қатысты жоспар­ларын орындау міндеті тұр. Білім сапас­ын жетілдіру, педагог мәртебесін көтеру, білім беру ұйымдарының әлеуетін арттыру аса маңызды. Бұл ретте әрбір жаңа идея мен сала жұмысын жандандыруға бағыт­тал­ған ұсыныстарды қолдауға дайынмын, – деп жазба қалдырыпты.

Бүрсігүні облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Жақсылық Оспанов  тағайындалды. Ол 2016 жылдан бері осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып­  келді.

Осылайша, облыс әкімі кадрлық өзгерістерді лек-легімен жүр­гізуде. Бұрын-соңды мұндай лауазымды атқармаған аймақ басшысы керекті кадрларды електен өткізіп алатыны анық. Бір қызығы, соңғы тағайындалған лауазым иелері Қ.Көшер­баевтың кезінде де бас­қарма бас­қа­рып, биліктің баспалдағында жүр­ген еді…

Айтпақшы, Қуанышбек Ысқақовтың тұсында облыс әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне әріп­тестіміз Рауан Мыңбаев тағайын­далған еді. Дегенмен, ай толмай жатып ол бұл қызметтен кетті.

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: