«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

200-ден аса көше жөнделеді

30.05.2020, 21:40 245 0

HALYQLINE.KZ Қызылордада биыл жасалуы тиіс ауқымды жұмыстар «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында қала әкімінің орынбасарлары мен сала басшылары таныстырды, деп хабарлайды қалалық ішкі саясат бөлімі.

Қызылорда қаласында бүгінгі күні қала тұрғындарының игілігі үшін қолға алынған істердің бірқатары, олар – ескі саябақтарды жандандыру, «Тағзым», «Темір жол», саябақтарын, Н.Назарбаев даңғылын, «Сыр Ана» монументін абаттандыру және 200-ден аса көшеге орташа, күрделі жол жөндеу, тас төсеу, 68 көшеге жаяу жүргіншілер жолын, 30 дана ойын алаңын салу, 70 дана аялдама орнату, тозығы жеткен ауызсу және кәріз су желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары.

Қаладағы келесі жаңалықтың бірі – Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан бой көтеретін 600 орындық мектеп құрылысы қаланың әлеуметтік саласына қосылар қарқынды құрылыс жобасы білім нысандарының санын арттырмақ.

Ал, 4 мектеп және 2 балабақша қайта жаңғырту мен күрделі жөндеу жұмыстарынан өтеді. Бұған қоса, 3 мәдениет нысаны қайта жаңғыртылмақ.

– Биыл 200-ден аса көше жөнделеді. Ендігі біздің мақсат – қала әкімінің талабына сәйкес осы жұмыстарды сапалы жүргізу. Бұл мақсатта қала әкімінің тапсырмасымен арнайы халықтық бақылау тобы құрылған,-деп түйіндеді өз сөзін қала әкімінің орынбасары Е.Бердібаев.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Б.Нуридинов жоба аясында жыл көлемінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 4523 адам тұрақты жұмыспен қамтылатындығын атап өтті.

Яғни, бұл бағдарлама аясында жұмыс іздеуші азаматтар үшін Қызылорда қаласының жұмыспен қамту орталығы мобильді топ жұмысын ұйымдастырып, мекенжайларда жұмысқа орналасу жолдарын түсіндіру бағытында жұмыстар жүргізуді қолға алған. Ұсынған жаңа бос жұмыс орындарымен «Enbek.kz» сайтынан алдын ала танысып, 27-79-94, 27-03-06, 26-47-29 байланыс телефондары арқылы ақпарат сұрата аласыздар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: