Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жосалы кентінің тазалығы – басты назарда

23.05.2020, 21:38 1066

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев Жосалы кентінің шығыс бетіндегі Абыт көлі мен Қоскөл аталған аймағында болып, тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.

Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Байсынов пен Жосалы кенті әкімінің орынбасары Б.Жылтыровқа кент орталығындағы Наурыз, Мүсірбаев көшелері, Қасқыр Наметшаев көшесінің аяғы, Нақыпов көшесінің аяғы, Тоқтаров көшесінің маңындағы көлшіктің орнын, Б.Момышұлы көшесі тұйығының басы, Абыт көлінің айналасы  мен Қармақшы электр тарату торабы маңайында орналасқан иесіз күл-қоқыстарды тазарту бойынша тиісті жұмыстарды жүктеді.

Сонымен бірге сол аумақтарда тұратын тұрғындардың ұсыныс пікірлерін тыңдап, сауалдары бойынша тиісті сала басшыларына жұмыс барысында ескеру керектігі айтылды.

Жосалы кентіндегі «Дендро» саябағындағы көркейту-көгалдандыру жұмыстары мен аяқсудың жіберілуі барысымен танысты.

Қазіргі таңда саябаққа әртүрлі сорттағы 8 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылған. Бүгінгі күні бағбаншылар жас ағаш көшеттерін күтіп-баптап, қажетті аяқсу мөлшерімен қамтамасыз етуде.

Сонымен бірге, аудан әкімінің орынбасары Жалғас Оңғарұлы Жосалы кентінің батыс бөлігіндегі Сарыөзек көлі аталған аумақта орналасқан шлюзді арнайы барып көрді. Тиісті сала мамандарымен кеңесіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды саралады.

Аудан әкімінің орынбасары жұмысшы тобымен бірге көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық барысында атқарылатын жұмыстар бақылауда болатынын және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Байсыновқа, Жосалы кентінің әкімінің орынбасары Б.Жылтыровқа берілген тапсырмалардың мерзімінде орындалуын назарға алып отыруды жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі        

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: