Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолдың сапасы бақылауға алынды

27.05.2020, 18:00 353

HALYQLINE.KZ  Үкіметтің 2019 жылғы 19 наурызындағы №131 Қаулысымен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМКқұрылды. Мақсаты автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу деп белгіленген.

Орталықтың ашық жұмыс механизмін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылған болатын.

Осыған орай, 2020 жылдың 3 айында аталған жоба аясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері, «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, облыс бойынша арнайы мониторингтік топтың мүшелері және БАҚ өкілдерімен бірлесіп жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне жылжымалы зертханамен 3 рет проблемалық учаскелерге шығып, 13 кемшілік анықталған болатын. Осыған орай, «Қазақавтожол» ЖШС Қызылорда облыстық филиалына анықталған ақауларды жою туралы ұсыныс жолданып, кемшіліктер жойылған еді.

Ағымдағы жылдың 26 мамырында кезекті мониторинг жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген Қызылорда қаласы, Жалғасбаев және ағайынды Қожықовтар көшесінің сапасын анықтау үшін жүргізілді. Мониторингке «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, облыс бойынша арнайы мониторингтік топтың мүшелері жылжымалы зертханамен бірлесіп шықты.

Жолдың сапасының қаншалықты екенін зертхананың қорытындысынан кейін белгілі болады.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: