Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жастар тазалыққа үлес қосты

27.10.2020, 8:40 406

HALYQLINE.KZ

Қаламызда болып жатқан құқықбұзушылықтар мен вандализмның алдын алу мақсатында 2020 жылдың 24 қазанында «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығы және «Jas Otan» жастар қанаты волонтерларының ұйымдастыруымен «Аналар» аллеясында сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Аллея айналасының ластануы, ескерткіш жазуларының түсуі мен ойын алаңдарының істен шығуы үрдіске айналған сенбіліктің аталған аллеяда өткізілуіне себепші болды. Бұл шараға 50-ге жуық ерікті жас қатысып, өз үлестерін қосты және де елге, жерге деген жанашырлық пен патриотизмді бойларына сіңіре білді.

Сенбілік соңында белсенді жастар «Қаламыздың таза болуы – біздің қолымызда!» ұранымен Қызылорда тұрғындарын қала тазалығын сақтауға және оны көркейтуге үлес қосуға шақырды!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: