«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

«Жанқожа батырға» жан бітпек

27.05.2020, 18:35 302 0

HALYQLINE.KZ Аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр көшесіне жөндеу жұмыстары басталды. Ол үшін аудандық бюджеттен 102,2 млн теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда, «Қазалы Жолшы» ЖШС-ның жұмысшылары кенттегі басты көшенің қатты бұзылған учаскелерінің асфальт қабатын қырып жатыр. Мұнан соң қиыршық тас пен гравилі құм қоспасы араласқан материал төсеп, 2 қабатты асфальт салуды бастайды. Сонымен қатар, көшелер қиылысына асфальт төсеу, жол жабындары бекіту (обочина), жол белгілерін орнатып, жолақтар сызу жұмыстарын жүргізетін болады.

Айта кетейік, аудандағы жолдарды жөндеу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Мәселен өткен жылы Әйтеке би кентінде Жалаңтөс батыр, С.Сүлейменов, Жетес би, Мағзаман әулие және Ж.Аймауытов сияқты 5 көше жөндеуден өтті.

Ал, осы жылы М.Ғабдуллин, Қ.Сәтбаев, Р.Бағланова көшелеріне қайта жаңғырту, Ә.Тыныбаев, Желтоқсан, Төле би, Т.Әубәкіров, С.Сейфуллин, Ж.Шерипов, Ж.Ақбаев, Ә.Молдағұлова, Н.Жәлімбетов, Сырым батыр, Біржан сал, Б.Нұрпейісов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: