Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңажылдық корпоративтерді өткізуге бола ма?

27.11.2020, 16:00 600

HALYQLINE.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 16 желтоқсан мен Жаңа жылда ойын-сауық және бұқаралық іс-шаралар өткізуге қатысты пікір білдірді.

Tengrinews.kz тілшісі ведомствоға Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылға арналған іс-шаралар, сондай-ақ мектептер мен театрларда жаңажылдық шыршалар өткізіле ме деген сауал жолдады.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №58 шектеу карантин шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына сәйкес, ойын-сауық және салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады«, – делінген комитеттің жауабында.

Комитет мәліметінше, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны өсуіне байланысты бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: