Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағашта білім ордасы пайдалануға берілді

31.08.2020, 19:00 988

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов жұмыс сапарымен Жалағаш ауданында болды.

Жұмыс сапары барысында Наурызбай Сейтқалиұлы аудан әкімі Асылбек Өмірбекұлымен М.Шәменов ауылдық округінде апатты деп танылып, бүгінгі күнде жаңадан салынған Ә.Бердәулетов атындағы №34 орта мектептің ашылу рәсіміне қатысты.

 «Бүгін Мөрәлі Шәменов ауылының халқы үшін өте қуанышты күн.

Себебі өміріміздің жалғасы, еліміздің ертеңгі жарқын болашағы саналатын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін қасиетті орданың жаңа ғимараты ел игілігіне берілгелі тұр. Осы білім ошағынан еліміздің, Сыр өңірінің атын әлемге танытар білімді ұрпақ көптеп шығарына сенімдімін», – деді Н.Байқадамов құттықтау сөзінде.

Шара барысында аудандық, ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағалары сөз алып, жаңа мектептің ел игілігі үшін пайдалануға берілуімен құттықтады.

Мектеп типтік жобада салынған. 140 орындық, екі қабаттан тұрады. Сынып және интернет кабинеттерімен, медициналық кабинетпен, спорт зал, асхана, әжетханамен қамтамасыз етілген. Биылғы оқу жылында мектепте 1-4-сыныпта 94 оқушы санитариялық нормаларды қатаң сақтай отырып, оқытылатын болады.

Облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов жұмыс сапары барысында Жалағаш кентінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобалармен танысты. Ауданда бағдарлама аясында 18 жоба жүзеге асуда.

Ең алдымен Жалағаш кентіндегі А.Бисенов көшесіне жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Кентте 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оларға барлығы 322 адам қамтылған.

Наурызбай Сейтқалиұлы сонымен қатар ескі емхана ғимаратын балабақша етіп реконструкцияла, аудандық аурухананың жұқпалы ауруханалар бөлімшесінде, орталық алаңда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ, Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Наркескен» спорт клубының ғимаратын жөндеу жұмыстарымен танысты. Ғимаратың шатырын ауыстыру, ішкі қабырғаларды түсіріп, сылау, төбесі (потолог) мен еденін, ғимараттың сыртын металл сайдингтермен қаптау, жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Жұмыспен қамтудың Жол картасы шеңберінде атқарылып жатқан бұл жұмыстарға барлығы 10 адам жұмысқа тартылса, жергілікті жерден жұмыспен қамту орталығы арқылы 5 адам жұмыспен қамтылды.

Айта кету керек, «Наркескен» спорт клубында 8 спорттық секцияда 560 спортшы шұғылданады.

Жол картасы аясында Мәдениет және өнерді дамыту орталығына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көрермендер залының сахнасын жөндеу, орындықтарын ауыстыру, еденін ауыстыру, спортзалдың төбесі мен еденін ауыстыру, қабырғасын сылау, жуыну бөлмелерінің, бапкерлер бөлмелерінің есіктерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуді. Барлығы 28 адам жұмысқа тартылса, оның ішінде жергілікті жерден жұмыспен қамту орталығы арқылы 14 адам жұмыспен қамтылды.

Жұмыс сапары барысында Наурызбай Байқадамов Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысып, ұлағатты ұстаз Әбшекен Әбжаппаровтың атына берілген кабинеттің ашылу рәсіміне қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: