Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаһан жүрісінен жаңылды

14.10.2020, 10:45 713

HALYQLINE.KZ Адамзат жаратылғалы жұмыр жерде билеп-төстеп, әмірін жүргізіп келген-ді. Ендігі жерде адамның бұйрығы жүре бермейтінін көріп отырмыз. Расында көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын вирус менменсіп кеткен адамды тәубесіне түсірді…

Енді арқаны кеңге салып, жайбіррақат жүретін кез емес. Сақтанбасаң, сан соғасың. Өзің ғана емес жақындарыңа вирус жұқтырып, өлімге себепкер боласың!

Ресми дерек көздеріне қарағанда, 14 қазан сағат 11:00-де әлем бойынша 37 миллионнан астам адам коронавирусты жұқтырды, оның 1 миллионнан астамы өлді. АҚШ, Бразилия, Үндістан, Мексика, Англия, Италияда эпидемиологиялық ахуал әлі тұрақтанған жоқ. АҚШ-та Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы бекіткен ережеге сай, вирус жұқтырған адаммен 1,8 метр қашықтықта 15 минут бірге өткізген адам 14 күнге карантинге жатқызылуы тиіс. Жалпы АҚШ-та вирусты жұқтырғандар саны 7 миллионнан асты.

Мексиканың денсаулық сақтау министрі Уго Лопес Гатель өзінің Twitter-дегі парақшасында 3 мыңға жуық адамның КВИ жұқтырғанын жария етті. Пандемия басталғалы 700 580 мексикалықтан вирус табылып, 73 697 адам ажал құшқан. Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бір тәулікте 86 508 адам вирус жұқтырып, 1129 азаматтың көз жұмғанын хабарлады. Қазір 966 382 адам аурумен арпалысып жатыр. Кедей халқы басым, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар сақатала бермейтін Үндістанда жағдай тым мүшкіл…

Қысқасы, әлемде коронавирустің ауқымы кеңейіп, жұқтырғандар саны артып келеді. Бұл коронавирустың ықтимал екінші толқынына бей-жай қарауға болмайтынын көрсететі. «Сақтансаң, сақтаймын» қағидасын ұмтану міндеті тұр.

Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сақтық шараларына мән берілмесе қатан карантиндік шаралар қайта енгізілуі мүмкін деп ескертті. Жаһанды жүрісінен жаңылтқан коронавирусқа бей-жай қарамайық, ағайын!

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ,

фейсбук парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: