Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаза өтеу тәртібін бұзу жауапкершілікке алып келеді

24.12.2020, 14:00 350

HALYQLINE.KZ Соңғы жылдары мемлекет тарапынан қолға алынған ізгілендіру саясаты нәтижесінде елімізде пробация қызметтеріне есепке алынған сотталушылардың саны артты.

Пробациялық бақылау – белгілі бір шектеулерді жүктей отыра, сотталған адамға қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды тағайындау кезінде белгіленеді.

Шектеулерді жүйелі түрде орындамау – жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық деп танылып, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуға жатады.

Ағымдағы жылы Байқоңыр қалалық пробация қызметі бөлімімен пробациялық бақылауға алынған 9 сотталушының жаза өтеу тәртібін орындамағаны үшін жазалары бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.

Мәселен, Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотында пробациялық бақылау белгіленген Е. есімді сотталғанның жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған дерегі қаралды. Істі негізінен қарау барысында прокурормен сотталғанның жазасын өзгерту туралы қорытынды берілді.

Сот қаулысымен Е. есімді сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын ҚАЖ мекемелеріне өтеуге жіберілді.

Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық деп – сотталушының пробация қызметіне хабарламай әкімшілік аумақтан шығуы, өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін және тіркелуге бірнеше рет келмеуі, қылмыстық құқықбұзушылық жасауы, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасауы танылады.

Сотпен жүктелген міндеттерді орындау және жаза өтеу шарттарын сақтау – әр сотталушының міндеті.

Егер, бұл талаптар орындалмаған жағдайда, заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданылатындығы ескерілген жөн.

А.Танбаев,

Байқоңыр қалалық пробация

қызметінің бастығы әділет капитаны

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: