Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалған ақшамен жұмыстың ақыры

09.10.2020, 15:15 541

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің өндірісіндегі жалған ақша өткізуге қатысты кезекті тергеу ісі аяқталып, сотқа жолданды. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда қаласының тұрғыны, 1986 жылы туған азамат 2019 жылдың қазан айы мен 2020 жылдың ақпан айының аралығында бірнеше мәрте 5000 және 10000 теңгелік жалған банкноттармен сауда жасап, пайдақұмарлық мақсатпен қылмыстық құқықбұзушылық жасаған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-бөлігінің 2)-тармағында қаралған (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жалған банкноттары мен мемлекеттiк бағалы қағаздарды өткізу мақсатында бірнеше мәрте жасау немесе сақтау, өткізу) қылмыстық құқықбұзушылық үшін бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

2020 жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша ЭТД-нің өндірісінде жалған ақша айналымына қатысты 12 факт тіркелген. Оның ішінде 6 жағдай «Халық Банк» АҚ Қызылорда филиалы қызметкерлерімен, 1 жағдай «Сбербанк» АҚ-ның Қызылорда филиалы тарапынан, 5 жағдай азық-түлік дүкендері мен жанар-жағармай құю бекеттерінде анықталған.

Жалпы сомасы 286 500 теңге (51), 800 доллар (8) және 500 рубль (1) болатын барлығы 60 жалған купюра айналымнан алынды.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: