Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Заңсыз аңшылықпен айналасқан 3 азамат ұсталды

02.11.2020, 12:30 324

HALYQLINE.KZ 1 қарашада Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен рейд барысында кіші Арал теңізінің аймағында «Нива» автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында, 56 келіге жуық сазан балығы, 37 құс (33 қасқалдақ, қаз, үйрек), 3 аңшы мылтығы және 140 дана оқ алынды.

Оқиға орнында 3 күдікті азамат ұсталды. Олар үшеуіде еш жерде жұмыста жоқ, Арал ауданының тұрғындары болып шықты. Тексеру барысында 1 аңшы мылтығы ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ екендігі анықталды. Сараптамалар тағайындалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз аңшылық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: