Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Туған інісін өлтіріп, тоғыз жылға сотталды

04.11.2020, 10:10 501

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 11.09.2020 жылғы үкімімен 54 жастағы қала тұрғыны К.Танабергенов ҚК-тің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

К.Танабергенов 30 наурыз 2020 жылы алкогольден масаң күйде өзінің пәтерінде бірге тұратын туған інісі Т.Танабергеновке тағы да ішімдік ішкісі келетінін айтып, оны тауып беруін сұрап, бірнеше рет талап еткен. Салдарынан араларында ерегіс туындап, танысы Е.Жубановтың көзінше орындықта отырған інісінің сол жақ мойын тұсына пышақ сұққан. Салдарынан пышақ сол жақ мойын тұсынан ішке еніп, мойынның жұмсақ тіндерін, ұйқы артериясын кесіп зақымдаған, яғни тесіліп, кесілген. Ауыр дене жарақатынан інісі сол жерде көз жұмады.

К.Танабергеновке 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленген және ол аса ауыр қылмыстар санатына жатады.

Сотпен сотталғанның қылмыстық жауаптылық пен жазасын ауырлататын мән-жайға оның алкогольді масаң күйде қылмыс жасауы негіз болды.

Сотталғанның жасаған кінәсі іс бойынша жинақталып және сот мәжілісінде жан-жақты, толық, объективті бағаланып, зерттелген куәнің жауаптарымен, оқиға орнын қарап-тексеру жүргізу, айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау туралы хаттамаларымен, заттай дәлелдермен, сараптама қорытындыларымен дәлелденді.

Бірінші саты соты жаза тағайындау кезінде, сотталған К.Танабергеновтың жауаптылығы мен жазаны ауырлататын мән-жайларын, жасаған қылмысының сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, ауырлығын, жеке басын ескеріп, оған бас бостандығынан айыру жазасын дұрыс және негізді тағайындаған.

Сот үкімімен сотталған және жәбірленуші өкілі келіспей, апелляциялық шағымдар келтірді.

Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 27 қазан 2020 жылғы қаулысымен бұл шағымдар қанағаттандырусыз, бірінші саты сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Бүгінгі күні сот үкімі заңды күшіне енді.

Енді сотталған жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтейді.

Сая Темірбекова,

Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі, әділет кеңесшісі

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: