Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түйе ұрлаған кісі ұсталды

11.01.2021, 9:30 1588

HALYQLINE.KZ 9 қантарда Қызылорда облысы, Қазалы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан Пірімов ауылының тұсында өрісте жайылып жүрген 1 бас түйесін ұрланғандығы туралы шағым түсті. Мал иесіне 1 миллион 300 мың теңге көлемінде залал келтірілген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлерімен күдікті 51 жастағы Арал ауданының тұрғыны анықталды.

Оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің басқа да мал ұрлығының дерегіне қатыстылығы тексерілуде.

Осы фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188/1-бабы 1-бөлігіне (мал ұрлығы) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: