«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (0)

  • EUR: 505.25 (0)

  • RUB: 5.59 (0)

Тергеу мекемесінің күзгі-қысқы кезеңге дайындығы қалай?

20.10.2020, 12:00 141 0

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласындағы Тергеу изоляторында күзгі-қысқы дайындық жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Мекеме бастығының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары, әділет капитаны Ж.Ернияздың айтуы бойынша, мекеме ғимаратының жылу жүйесі құбырларына қысыммен тексеріліп (опрессовка) 2020 жылдың 14 қазан күні оқшауланған аймаққа, оның ішінде барлық қапастарға және әкімшілік ғимаратқа жылу берілді. Жылу берілу кезінде ешқандай оқыс оқиға болған жоқ. Бүгінгі таңда қапастарда бірқалыпты темпаратуралық режимі сақталып, қадағалануда.

«Ас-адамның арқауы» дегендей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы №1255 қаулысымен бекітілген нормаларын сақтай отырып айыпталушылар мен сотталғандарға ас дайындалып, астың сапасы күнделікті тексеріліп таратылады. Жазасын өтеушілердің иммунитетін көтеру мақсатында, жеміс-жидектер мен шырындар да қоса беріліп тұрады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы №1255 қаулысымен бекітілген норма бойынша айыпталушылар мен сотталғандарға киім-кешек және гигиеналық заттар таратылады.

Гигиеналық тазалықты сақтау үшін айыпталушылар мен сотталғандарға арнайы монша қарастырылған, алайда Қызылорда қаласында ыстық су жоқ болуына байланысты, моншаны ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында су ыстатын автономды дизельді қазандығы қолдануда.

Маусымдық кезеңнің басталуына орай, қамауда отырған жандар арасында тұмаудың алдын алу мақсатында, 50 жастан асқан айыпталушылар мен сотталған азаматтарға Қызылорда қалалық №6 емхана мамандарымен вакцина салынды. Бүгінгі таңда мекеменің медицина бөлімінде білікті де білімді 12 дәрігер бар. Мекеме аумағына келіп түскен арнайы контигент ҚАЖ комитетінің нұсқаулығына сәйкес, мекемеге келген кезде, мекемеден айдауылданып кеткенде, босатылар алдында және 6 ай сайын флюографиялық және АИТВ тексеруден өткізіледі. Медицина бөлімінің стоматология, гинекология, флюография, лаборотория, ем қабылдау бөлімдері барлық керекті медициналық аппарат құралдарымен жабдықталған. Және де, медицина бөліміндегі дәріхана тұмауға қарсы дәрі-дәрмектермен толықтырылған. Инфекцияға қарсы сақтық шаралары да үздіксіз жалғасып келеді. Қапастағылар серуенге шыққан уақытында, камералар роторлы бүріккіштердегі дайындалған ертінділермен залалсыздандырылып тұрады.

Р.Абрахманова,

ЗК-169/1 мекемесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: