Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Теміржолды бірге қорғайық

07.04.2020, 10:12 353

Көрнекі сурет

HALYQLINE.KZ –| ҚТЖ.ҰК.АҚ филиалы «Ақтөбе қорғаныс екпе ағаштар дистанциясы», Қызылорда бөлімшесі Қазалы – Қамыстыбас – Сексеуіл – Абай станциялары арасында құмға қарсы қорғаныс қалқаншаларын қояды. Сонымен қатар, теміржол бойына құмнан, қардан қорғау мақсатында егілген сексеуіл ағаштарын күтіп-баптайды. Өрттен қорғау мақсатында жан-жағын жырту жұмыстарын жүргізеді.

Осыған байланысты теміржол бойына жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарына теміржол бойындағы өсіп тұрған сексеуіл ағаштарын сындыруға және арасына от жағуға болмайтындығын ескертеміз. Жоғарыда аталған талаптарға кері әрекет еткен азаматтар ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 381-1-бабы бойынша, келтірілген шығын 100 АЕК-тен асқан жағдайда Қылмыстық кодекстің 380-бабына сәйкес жауапқа тартылатын болады.

Осы орайда теміржол бойына жақын орналасқан елдімекендердің әкімдерін бізбен бірлесіп халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуді бірге атқаруға ықпал етулеріңізді сұраймыз.

Қ.ИСАБАЙ

ҚТЖ.ҰК.АҚ. Қызылорда бөлімшесітелім шебері

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: